Пайдалану Нұсқаулары - Philips 989803163171 Instructions For Use Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Өнімге жалпы шолу
Philips Mobile CL бірнеше рет қолданылатын инвазивті емес қан
қысымын өлшеу манжеті — IntelliVue инвазивті емес қан қысымын
өлшеу CL (сымсыз) емделушіні бақылау жүйесінің бір бөлігі. Манжет
IntelliVue CL инвазивті емес қан қысымын өлшеу құралымен (865216)
жəне емделуші параметрлеріне байланысты, басқа CL қосалқы
құралдарымен қолданылады. Манжеттер мөлшердің бірқатарына
икемделеді (Манжетті таңдау бөлімін қараңыз) жəне олардың
құрамында латекс пен ПВХ жоқ.
Mobile CL бірнеше рет қолданылатын инвазивті емес қан қысымын
өлшеу манжетін IntelliVue CL инвазивті емес қан қысымын өлшеу құралы
ұстағышымен (989803163251) (1-бетті қараңыз) жəне ұзартқыш ауа
шлангымен бірге қолдануға болады (989803163131). Инвазивті емес
қан қысымын өлшеуге арналған қосалқы құралдар мен емделуші
параметрлерін орнату процедуралары туралы толық ақпаратты Mobile CL
инвазивті емес қан қысымын өлшеу ұстағышының пайдалану
нұсқауларынан қараңыз.
Қосымша ақпарат
• IntelliVue сымсыз өлшемдерінің пайдалану нұсқаулары.
• Mobile CL бір емделушіге арналған инвазивті емес қан қысымын өлшеу
манжетінің пайдалану нұсқаулары.
• Mobile CL ұзартқыш ауа шлангының пайдалану нұсқаулары.
Қолдану мақсаты
Mobile CL бірнеше рет қолданылатын инвазивті емес қан қысымын
өлшеу манжеттері, ұстағыш жəне ұзартқыш ауа шлангы аяқ-қолының
жуандығы 21,0-45,0 см болатын емделушілердің қан қысымын емханада
тексеру мақсатында, тек IntelliVue CL инвазивті емес қан қысымын
өлшеу құралымен пайдалануға арналған. Инвазивті емес қан қысымын
өлшеу манжеттері тек лицензиясы бар дəрігер не денсаулық саласындағы
басқа маман тарапынан немесе оның қадағалауымен қолдануға арналған.
146

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

989803163191989803163211

Table of Contents