ҚазаҚша
72
Қоршаған орта
-
Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге
тастамай, ресми жинау орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған
ортаны сақтауға көмектесесіз.
-
Кірістірілген қайта зарядталатын батареялардың құрамында
қоршаған ортаны ластайтын заттар бар. Құралды арнайы жинау
орнына өткізбес бұрын, батареяларын алыңыз. Батареяны арнайы
батареялар жинайтын орынға өткізіңіз. Егер батареяны алу кезінде
қиындық туса, құралды Philips қызмет көрсету орталығына апаруға
болады. Орталық қызметкерлері батареяны алып, қоршаған ортаға
қауіпсіз жолмен жояды.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
1
Құралды зарядтайтын бағанадан алыңыз, сөйтіп, батарея
толығынан аяқталғанға шейін моторды өшірмеңіз.
2
Басы жалпақ бұрауышты ұстағыштың астындағы ұяға салыңыз да,
корпустың артқы панелін босату үшін оны бұраңыз.
3
Корпустың артқы панельді, одан кейін бүйір жағындағы
панельдерді шығарып алыңыз.
4
Құралдың ішкі корпусын корпустың алдыңғы панеліне қосатын
бұрандаларды алыңыз да, ішкі корпусты алдыңғы панельден
ажыратыңыз.